Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық шоу-бизнестегі ең танымал қалыңдықтар

Опубликовано:

Үйлену той қашан да халыққа қызық. Ал танымал жұлдыздардың тойын халық білуге тіптен асығады. NUR.KZ порталы Қазақстандық шоу-бизнестегі ең танымал арулардың есте қаларлық тойларын ұсынып отыр деп жазады baistars.kz.

Әлия Әнуарбек, әртіс

Қазақ киносындағы әдемі арулардың бірі Әлия 2014 жылы 14 маусымда тұрмысқа шықты. Әлияның жары - Астана қаласында заң қызметкері болып жұмыс істейтін Азамат есімді жігіт.

Тойға екі жастың достары, туыстары мен әріптестері жиналды. Тойдан соң жас жұбайлар Еуропаға саяхаттауға кетті.

Мәдина Сәдуақасова, әнші

Тәтті қылығымен, әдемі даусымен талайды баурап алатын әнші Мәдина Сәдуақасова 2014 жылы 2-ақпанда «Хабар» агенттігінде режиссер болып қызмет ететін Олжас деген жігітке тұрмысқа шықты.

Мәдина Олжаспен төрт жыл бұрын «Таң қалмаңыз» бағдарламасында танысқан. Мәдина бағдарламада жүргізуші болса, Олжас режиссердің көмекшісі болған екен.

Қазір Олжас пен Мәдинаның Әнуар есімді ұлдары бар.

Қарлығаш Мұхамеджанова, әртіс

Қарлығаш Мұхамеджанова мен кәсіпкер Бекболат Балғымбаев 2012 жылы шаңырақ көтерді. Екі жас екі жылдай кездесіп тұрған.

Қарлығаш пен Бекболат тойларын ешкімге жарияламай, тек жақындары мен туыстарын шақырған.

Динара Қырықбаева, әнші

Сүйкімді әнші Динара Instagram парақшасында тұрмысқа шығатынын өзі айтты. Осы жылы 18 шілдеде Динара Олжас есімді жігітпен отбасын құрды

Айдана Меденова, әнші

«Кешью» тобында ән салып, талай жігіттің арманына айналған Айдана топтан кеткен соң, тұрмысқа шықты. Айдананың таңдауы «Индиго» және «FM» топтарының продюсері Әлішер Нұржанов болды.

Той Алматыда 22 наурыз күні өтті. Ал 27-қазанда жастардың Әмина есімді қыздары дүниеге келді.

Аиша, әнші

Аиша - танымал әнші Бүрткіттің асыл жары. Бүркіт Аишаны ұнатып, 3 рет үйленуге ұсыныс жасаған. Бірақ Аиша келіспеген.

Бірақ, ол өз қателігін түсініп, соңында Бүркітке өзі ұсыныс жасайды. Алматыда екеуінің дүбірлі тойы өтті.

Аружан Жазылбекова, әртіс

Әртіс Аружан мен режиссер Ахат Ыбраевтың тойы туралы тек жақындары мен достары ғана білді. Көпшіліктен жасырын өткен той туралы халық тек әнші Әсел Сәдуақасованың Instagram  парақшасынан естіген болатын.

Аша Матай, тележүргізуші

Қыркүйек айында тележүргізуші Аша Матай мен Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаевтың үйлену тойы өтті.

Арман мен Аша бір жылдай кездесіп жүрген. Бірақ, тыңдармандарынан жасырып келген жұп тек жазда ғана кездесіп жүргенін айтқан еді.

Ділназ Ахмадиева, әнші

Ділназ Ахмадиеваның тойы туралы халық тіпті де білген жоқ. Келген қонақтар той туралы айтпауға, ал фотографтар суреттерді жарияламауға уәде берген.

Ділназ бен Ахмадтың тойы Астана қаласында 2011 жылы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/964527-otandyq-shou-biznestegi-enh-tanymal-qal/

pixel