RU

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты дейді оқиға куәгерлері. 22 қараша күні жүктелген видеода оқиға орнына бір топ адамдар жиналып, айқай шуға басқаны байқалады.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі

Оқиға түнгі сағат 12:00 шамасында Шымкент қаласының Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында орын алған деп жазады видеоны YouTube желісіне жүктеген Нұрсұлтан Тұрысбеков. Куәгерлердің сөзінше, жол талғамайтын көлік қарсы бағытқа шығып кетіп «Ауди 80» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан неміс автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмып, тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.

Ал өзге көліктің жүргізушісі ессіз мас күйде дейді оқиға орнында болғандар. Видеодан зардап шеккен тарап полицейлер көлігін қоршап алып, шу шығарғанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/964563-shymkentte-zhanturshigerlik-zhol-apatyn-2.html