Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жұлдыздар жаппай Қайрат Нұртасқа еліктеп жүр (фото)

Опубликовано:

Отандық жұлдыздардың ішінде де Қайрат Нұртасқа еліктейтіндердің қатары көбеюде. Солардың бірі, әнші Шыңғыс Құралбаев пен Серікбол Сайлаубек Қайраттың шаш үлгісін, жүріс-тұрысын айнытпай көшіріп алған.

Танымал әнші Ернар Айдарды да Қайрат Нұртасқа ұқсайды деп жүрген көрермен көп. Расында да, әншінің қимылы, ән орындау стилі, тіпті әндері де Қайрат Нұртастың шығармашылығына қатты ұқсайды. Мұндай сөздерге еті үйреніп кеткен Ернар жеке ән кешіне Қайраттың өзін шақырып, әртіспен бірге ән салып жүр.

Қайрат Нұртастың танымалдылығы сонша, "31" телеарнада "100 пайыз жұлдыз" шоу бағдарламасы жарық көрді. Сайысқа Қайратты айнытпай салатын  15 үміткер ниет білдірген.

Дегенмен, қазылар алқасында отырған Қайрат Нұртас өзіне Жанұзақ Елдос есімді жігітті қатты ұқсатқан. Бұл жігіт "Айтуға оңай" бағдарламасына  еліктеуші қонақ ретінде шақырылып, жастар арасында жұлдызға айналып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/965092-qazaqstandyq-zhuldyzdar-zhappay-qayra/

pixel