Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«ҚазАвтоПром» басшылығы отандық автокөлік нарығындағы қазақстандықтардың сүйікті маркаларын атады

Опубликовано:

2015 жылдың екінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша отандық автосалондардың әрбір үшінші клиенті LADA маркасын ұнатты. Бұл туралы президент жанындағы ОКҚ өткен брифингінде «ҚазАвтоПром» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Бақберген мәлім етті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездегі жолдауларында отандық көлік саласын дамытуға баса мән береді. Мемлекет басшысының «отандық көлік саласы бәсекеге қабілетті болуы қажет» деген тапсырмасы қазіргі күні тиянақты түрде орындалу үстінде. Бүгінде қазақстандық авторетейлдің өзге көшбасшыларынан анағұрлым озып, отандық сатып алушыларға ұнайтын автокөліктердің тізімін LADA қайта басқарды», - деді Ақберген.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығының қорытындысында көлік сатып алуға келген әрбір үшінші клиент LADA маркасын сатып алған.

«Республиканың автокөлік нарығындағы сүйікті модельдердің бестігіне сондай-ақ Kia автокөлігі көш бастап тұр. Бүгінгі таңда бұл марканың 3600 түрі сатылды. Екінші орында Hуundai – 3200 түрі сатылған. Үшінші кезекте Skoda маркасының 2000 астам түрі сатылды. Төртінші – LADA. Бесінші Шевролет маркалы автокөліктің 1500 түрі сатылды», - деп нақтылады «ҚазАвтоПром» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/965456-qazavtoprom-basshylyghy-otandyq-avt/

pixel