RU

Назарбаевтың қазіргі жағдайға қатысты 9 есте қаларлық сөзі

Қазақстанның күрделі экономикалық жағдайын талқылауға бағытталған Ақордадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке біршама ескерту жасады.

Солардың ең есте қаларлықтарын theopenasia.net-ке сілтеме жасап NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

1. Кадрлық саясат туралы

Назарбаев елдегі кадрларды даярлауға салмақты қаражат жұмсалатынын және олардан дәл сондай салмақты нәтижелер күтілетінін айтты.

"Президент аппаратында да, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте де бұл мәселемен ешкім шұғылданбайды. Жаңа толқын бойынша кадрлық резервке қатысты қамқорлық жоқ. Спорттық терминология бойынша айтсақ, «қосалқы ойыншыларыңыздан» ешкім де жоқ".

2. Орнына қоятын адам іздеу

"Кез-келген маманға ең алдымен өзінің орнын басатын адам дайындау туралы міндет қою керек. Бұл барлығымызға қатысты. Алмастыратын адам іздесең, ешкім жоқ. Сұрасаң, “Орныма қоятын ешкім жоқ. Барлығын жалғыз өзім атқарып келемін, менен кейінгілер мүлде нашар” деп жауап береді. Егер іс жүрмей жатса басшыны ауыстыру керек деп талай айттым"

3. Қаржы министрі туралы

Қазақстан президенті Қаржы министрінің орнында Болат Жәмішевті отырғанын не үшін қалайтынын айтты.

"Егер бізде дені дұрыс қаржы министрі болғанда ол әр тиынды қадағалайтын еді. Ал сен кім қанша сұраса, сонша ақша бердің. Мемлекет қазынасын саған тапсырғанмын. Сен – мемлекеттің қалтасысың, қаржы мен қазынаның қалай жұмсалатынын қадағалайтын жеке өкілімсің. Жәмішевті қойған дұрыс шығар"

4.  Зейнетақы жасын көтеру туралы

«Зейнет жасын бекер көтермедік. Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарып барады. 10 жылда ғана өмір сүру ұзақтығы 64-тен 72 жасқа жетті. Егер біз зейнетке шығу жасын көбейтпесек, онда зейнетақыға ақша қалмайды. Мұны барлығы түсінеді деп ойлаймын».

5. Инвестициялар мен мүмкіндіктер туралы (министр Әсет Исекешевке сөйлеген сәті)

"ҚХР, Лондон, Парижден бастап менің барлық сапарларыма, бізге жасалған сапарларға, бизнес-форумдарға, бизнес-капитандарымен кездесуге, әлемнің ірі бизнесмендерімен жеке кездесулеріме қатыстың. Олардың барлығы да қызығушылық танытып, жұмыс істейтін нақты нысандарын атады.  Бүгінгі шынайы өмірде мұндай мүмкіншілік ешкімде жоқ. Әлемде ақша көп, оларды алу, тарту, қызықтыра білу қажет. Үкіметтің бар шеберлігі, біздің кадрлардың біліктілігі мен құзыреттілігі дәл осы тұста тоғысуы тиіс".

6. Бай адамдардың қатысуы мен жекешелендіру туралы

"Мемлекет осы жылдар бойы сіздерге баюға мүмкіндік берді… Енді [заңдастыру мен жекешендіру науқанына қатыссаңыздар] халыққа - баюға мүмкіндік берген елге жақсы жауап берген боласыздар. Мен бұл туралы біздің адамдармен жеке сөйлесемін".

7. Заңдастыру туралы

"Заңдастыру – еркін декларация алдындағы соңғы акт. Алдымен мемлекеттік қызмет, кейін - Қазақстанның барлық азаматтары. Кіріс те, шығыс та. Мен тағы да ескертемін. Біз әлем бойынша салықтан тығылғандарды іздестіретін боламыз.  Бәрілерің көрген шығарсыңдар, бізбен бірге бас прокурор барлық жерде жүрді. Ірі елдермен құқықтық көмек туралы келісімшартқа қол қойды. АҚШ-тан бастап барлық шоттар ашылатыны айтылды ешқандай офшор болмайды. Біз өз еркітеріңмен ақшаны әкеліп, бәрін ашуды, осылайша тыныш өмір сүріп, тыныш ұйықтауды ұсынамыз".

8. Дағдарыс уақытындағы өмір туралы

"Дүниежүзілік нарық жағдайының құлдырауы, сонымен қатар, біздің негізгі экспорттық тауарларымыздың құны төмендеуіне байланысты қатаң үнемдеуді енгізу керек. Бұл келесі жылдың бюджетін есептеген кезде басты назарға алынсын. Қандай қиындықтар болса да, біз экономиканың даму көрсеткішін, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуіміз керек. Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерді орындау керек. Біз бұл қиын кезеңдерді артқа тастауға тиіспіз".

9. Тұрғын үй туралы

«Көпбалалы отбасымен Астанаға Қызылордадан келіп, кезекке тұрады. Табысы төмен азамат жарты жылдан кейін пәтер алады. Ал мұнда кезекте тұрған астаналықтар оны алуы тиіс. Бұл мәселеде біздің ескермей қалған тұстарымыз бар. Оларға да көмек көрсету керек. Алайда Астанаға тез арада пәтер алу үшін келмеу керек. Оны 8-10 жылдап күтіп отырғандар бар ғой".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/965540-qazaqstan-prezidentininh-qazirgi-zhagh.html