RU

63 жастағы әже Ніл өзенін хиджабпен жүзіп өтті

Өткен аптаның сенбісінде Голландия мемлекетінің Судандағы елшісі Сюзана Бланкхард Ніл өзенін жүзіп өтті. Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Аталмыш акция Ніл өзенінде жүзудің қауіптілігінен сақтандыру және әйелдердің қоғамдағы орнын жақсартуға бағытталған көрінеді. Бүгінде 63-ке келген Сюзана шариғат талаптарына сай тігілген жүзу киімімен Көк Нілді кесіп өткен.

Сюзананың соңынан тура сондай жүзу костюмін киген алты голландық және жеті судандық қыз-келіншектер де тәуекелге бел байлаған. Бұл жайлы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа аз ғана күннің ішінде 10 000-нан астам қолданушы оң көзқарасын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/965788-63-zhastaghy-azhe-nil-ozenin-khidzhabpen-zhuzi.html