RU

Торғай-Арқалық тас жолында автобус аударылып қалды

 Арқалық қаласын бетке алған жолаушылар көлігі көктайғақтың кесірінен жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Оқиға Торғай-Арқалық тас жолының 43-шақырымында болған деп хабарлайды 24.kz.

Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бір бүйірінен жатқан автобусты жолаушылар фотоға түсіріп алған. Қазір облыстың көптеген аумағында жүріп-тұру қиындап кетті.

Көктайғақ білінген бір күннің ішінде облыста 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/965794-torghay-arqalyq-tas-zholynda-avtobus-au.html