RU

Қарағанды облысындағы қар кептелісінде 11 адам қалып қойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Ішкі істер бөлімінен автожолда аудан тұрғындарының қар кептелісінде қалып қойғаны туралы хабарлама түсті.

Адамдарды оқиға орнынан тасымалдау үшін Пионерское елді мекенінен жоғары өтімді техника жіберілді. Оқиға орнында қар кептелісінде қалған 3 бірлік жеңіл көлік және 8 адам болғаны анықталды. Барлық жеңіл көліктер кептелістен шығарылды. Зардап шеккендердің түсініктемелерінде олар Қызылорда-Павлодар жолына тігінен шығу мақсатында жүргізушілердің Осакаровка-Молодежный кенттерінің жолынан бұрылып, қар кептелісінде қалғандарын баяндады.

Осы күні кешкі сағат 20.00-дің шамасында Қарағанды облысының ТЖД «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне сол жол учаскесінде қарға малтыққан жеңіл көлік жүргізушісіне және қасындағы үш жолаушыға көмек көрсету туралы хабарлама түсті.

Пионерский елді мекенінен жіберілген техника қар қалың әрі қатты болғандықтан зардап шеккендерге жету мүмкіндігі болмады. Сондықтан 20 сағат 45 минутта оқиға орнына Осакаров ауданының ТЖБ және Осакаровка кентінің №37 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері ЗИЛ-131 арнайы жоғары өтімді техникасымен оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер жеңіл көліктегілердің Приишимское аулына төтесімен тарту мақсатында Звезда ауылының маңайында Қызылорда-Павлодар жолынан бұрылып кетіп, қар кептелісінде қалғанын анықтады.

Құтқарушылар әуесқой автомобильшілерді қысқы мерзімде өмірлеріне қауіп төндірмей, жалпыға бірдей қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/965969-qaraghandy-oblysyndaghy-qar-keptelisi.html