RU

Алматыда жүргізушілерге тегін көмек көрсететін тұрақшылар пайда болды (фото)

Алматы қаласында жүргізушілерге ақысыз көмек көрсететін тұрақ қызметкерлері пайда болды.

Бұл туралы Алматы әкімдігі өз Instagram парақшасында жариялады.

"Жүргізушілердің назарына! Сіздерді «Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-тың арнайы нысан киімдеріне назар аударуыңызды сұраймыз. Қызметкерлердің басты мақсаты қала бойынша көлік жүргізүшілерге тегін көмек көрсетуі. Қызметкерлердің арнайы белгісі, ұйымның атауы және нысан үстінде “ақысыз” деген жазбасы бар. Егер де бөтен нысанымен бақылаушы қызметкерлерін байқасаңыздар сіздерді 109 немесе 380-05-16 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/966306-almatyda-zhurgizushilerge-tegin-komek.html