RU

Ғалымдар суықта өткізген екі сағат арықтауға көмектесетінін дәлелдеді

Суықта өткізген екі сағат арықтауға көмектеседі, деп есептейді ғалымдар. Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Зерттеу авторлары төмен температуралардың әсері термогенез процесі мен ағзадағы энергияның жұмсалуын белсенді ететінін мәлімдеді. Яғни, қоршаған ортада температураның төмендеуі адам денесіндегі температураны теңдестіру үшін көп калорияның жағылуына себеп болады.

Бұл ретте денедегі май қорларының пайдаланылуын қамтамасыз ететін энергия алмасу шамамен 30 пайызға көбейеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

«Бұған дейінгі зерттеулер суықтан болған қалтырау адамдардың бойында жылудың шығарылу процесін ұлғайтатынын дәлелдеді. Жапонияда зерттеу жүргізу барысында белігі болғандай, алты апта бойы шамамен минус 17 градус суықта күніне екі сағат уақыт өткізген адамдар салмақ жоғалтатынын көрсеткен», - деп түсіндірді Маастрихт университетінің зерттеушілері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/966476-ghalymdar-suyqta-otkizgen-eki-saghat-ar.html