RU

Қала көшелерінде конькимен жүрген қостанайлықтар жұртты таң қалдырды

Көктайғақ қостанайлықтарды әуреге салып тұр. Қаланың ішінде көлік қозғалысы қиындап кетті. Алайда табиғаттың тосын құбылысы әуесқой конькишілер үшін таптырмас мүмкіндікке айналғандай деп хабарлайды 24.kz.

Кешелі бері әлеуметтік желілерде көшеде конкимен сырғанап жүрген қостанайлықтардың қарасы көбейді. Бір күннің ішінде көкайна мұзға тайып құлап, жарақаттанғандар саны 200-ден асқан. Оның ішінде мертіккен 29 адам ауруханада жатыр.

Осыған байланысты барлық мектептерде оқу тоқтатылды. Бірнеше бағыттағы қалааралық жолдарда көліктерге жүруге тыйым салынған. Төтенше жағдай қызметі жүргізушілерге абай болуды ескертуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/966641-qala-koshelerinde-konkimen-zhurgen-qo.html