RU

Қостанай облысында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы аударылды

Қостанай облысында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы аударылып қалды деп жазады Қостанай таңы.

Жангелдин ауданынан шығып, Арқалық қаласына беттеген жолаушылар автобусы жолда аударылған.

Автобус аудан орталығынан 43 шақырым ұзап, Арқалық-Торғай тас жолында апатқа ұшыраған. Қуанышқа орай, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиғаға көктайғақ себеп болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/966906-qostanay-oblysynda-koktayghaq-saldar-2.html