RU

SuperStar жобасының жұлдызы "Ұлытау" тобына қабылданды

Superstar.kz байқауында Алмас Кішкенбаевпен бірге бақ сынасқан Роман Ким "Ұлытау" тобында өнер көрсетеді. Әнші қазақстандық топтың тұңғыш жеке орындаушысы болмақ.

Роман Ким көрермендер назарынан алшақтап кетсе де, әншіліктен ешқашан айныған емес. Соңғы жылдары Ресеймен мәдени байланыста жүрген әншінің өмірінде тағы бір үлкен өзгеріс орын алмақ. Роман "Ұлытау" тобының жеке орындаушысы ретінде халық алдына шығып, тыңдармандарымен қайта қауышады.

Теміртаудың түлегі бейнебаяндарын тек туған өлкесінде түсіріп, қазақша әндерді шырқауға басымдық береді екен, деп жазады Жас Өркен.

"Мен бейнебаянымның бәрін де Теміртауда түсіремін. Алматы мен Астананы бәрі көрсетіп жүр ғой, ал мен Теміртауымды көрсеткім келеді. Мені көпшіліктің жаппай көре бермейтін себебі – негізінен мемлекеттік шараларда өнер көрсетемін. Өйткені, әнді оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ғана орындаймын", - дейді Роман Ким.

Әнші біраз жыл Испанияда тұрып, елге оралған соң, өнерпаз жастар болып топ құрған. Ал қазір жеке шығармашылықпен айналысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/967072-superstar-zhobasynynh-zhuldyzy-roman-kim-ulytau.html