RU

Селфидің астарында өзгелерге мақтану психологиясы жатыр

Әртүрлі заманауи гаджеттермен қоса адам санасында психологиялық құбылыстар мен өзгерістер пайда болды. Сол психологиялық құбылыстардың бірі – селфизм деп жазады islam.kz.

Селфи – психологтардың тілімен айтқанда, желілік эксгибиционизм (яғни, өзін-өзі әсіре жақсы көрушілікке, өзін жарнамалауға бейім адамның халі).

Селфиге көбіне өзгенің назары мен ілтипатына мұқтаж жандар құмар болады. Желіге жария еткен селфиіне әлдебіреулердің «лайк» басқанына іштей рахаттанып, өз-өзіне риза бола бастайды. Алайда, мұндай нәрсе адамның рухани кеңістігін одан бетер қаңыратып, аз басылған «лайк» депрессияға алып келеді екен.

Психологтар «селфиге» құмар адамдарда «психикалық бұзылу» бар деп есептейді.

Мамандардың айтуынша, XXI ғасыр – «нарциссизм» ғасыры (Нарциссизм - өзін-өзі жақсы көру, өз мүддесін басқалардан жоғары қоюмен сипатталатын мінез-құлық ерекшелігі). Бұл –адамдарды өзара мәміле жасаудан қалдырып, бұрынғы замандағы достық, туыстық қарым-қатынастардың азаюына әкеліп отыр. Әрине, оған бірнеше фактор себеп.

Солардың бірі осы – желілік эксгибиционизм. Отырыстарда достармен шүйіркілесіп әңгіме-дүкен құрудан гөрі, желідегі бір сағат бұрын бөліскен дүниемізге кімнің қанша лайк басқанын қарап шығу маңызды болып тұрады.

Селфи құр фотоға түсіп қана қою емес, оның астарында өзін өзгеге жарнамалау, өзгенің ілтипатына бөлену, өзінің мәнділігін арттыру, өзгелерге мақтану психологиясы жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/967188-selfidinh-astarynda-ozgelerge-maqtan.html