RU

Станимир Стойлов: Біз жаралы арыстанға қарсы алаңға шығамыз

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» өз алаңындағы соңғы ойынын ертең «Бенфикамен» өткізеді. Осыған байланысты екі команданың бапкері бүгін баспасөз мәжілісін өткізуде.

Алдымен «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов журналистермен кездесті.

– «Бенфика» –азулы қарсылас. Дегенмен біз өз алаңымызда бар күшімізді салатынымызды білесіздер. Бұл жолы да алаңда «футбол соғысы» болады деп ойлаймын. Егер біз барлық күшімізді салып ойнайтын болсақ, ұпай еншілеуге мүмкіндігіміз бар. Қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз. Меніңше, шәкірттерім барлығын жақсы түсінеді деп ойлаймын. Мойынмызда үлкен жауапкершілік бар.

– Станимир, команданың көңіл күйі қалай? Өйткені «Астана» жақында Қазақстан кубогының финалында жеңілді?

– Бұл екеуі екі түрлі турнир. Бізде бірнеше ойыншы демалыс алды. Кубоктың матчтарына қатысқан жоқ. Әрине, маусым соңында футболшыларды психологиялық тұрғыдан даярлау оңай емес. Бірақ жанкүйерлердің кермет қолдауы бізге қосымша көмек береді деп ойлаймын. Сондықтан өзіміз қалаған қол жеткізіп қалармыз деп үміттенемін.

– «Астананың» орталық алаңындағы көшбасшы футболшылардың бірі Роджер Каньяс кубоктың финалына қатысқан жоқ. Колумбиялық футболшының денсаулығы қалай?

– Роджер аздаған микрожарақат бар. Сондықтан «Қайратпен» өткен финалда тәуекелге барған жоқпыз. Бүгін жаттығу кезінде байқап көреміз. Каньяс ертеңгі матчта біз көмектесе алады деп үміттенемін.

– Луизао мен Гайтан ертең алаңға шыға алмайды. Бұл туралы не ойладыңыз?

– Меніңше, мұндай шебер ойыншылардың алаңға шыға алмауы «Бенфика» үшін мәселе болып табылады. Ал бізге бұл мүмкіндік. Бірақ «Бенфикада» бәрібір де жоғары деңгейлі ойыншылар жетерлік. Негізгі мен үшін қарсыластың емес «Астананың» қалай ойлайтыны маңызды.

– «Астана» Чемпиондар лигасында өз алаңында әзірге бірде-бір ойында ұтылған жоқ. «Бенфика» өткен демалыста Португалия кубогының төртінші айналымында «Спортингтен» жеңілді. Ертеңгі матчтан қандай нәтиже күтесіз?

– «Астана Арена» – біздің басты қаруымыз. Сондықтан өз алаңымызда максимум күшімізді салып, ойнауымыз керек. Астанада кез келген қарсыласқа қарсылық көрсете аламыз. Әрине, жасанды алаңның өзіндің пайдасы болып тұр. Бірақ бізде сырт алаңда ойнаймыз. Сол кезде ол командалардың жасаған жағдайларына көнеміз. «Бенфиканың» Лиссабондық дербиде «Спортингтен» жеңілгенін білемін. Бұл өте маңызды дерби. «Бенфика» қазір жаралы арыстан секілді. Бұл жағдай біз үшін екі есеп қауіпті.

Айта кетейік, аталған кездесу ертең 21:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл матчты «ОҢ ТВ» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/967211-stanimir-stoylov-biz-zharaly-arystangh.html