Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең мейірімді қала анықталды

Опубликовано:

Павлодар қаласы 48,8% дауыс жинап, «Ең мейірімді қала» аталымы бойынша «Жетінші арнаның» республикалық сыйақысына ие болды.

Бұл туралы  pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Телекомпания «ЭРА» ЖШС маркетинг департаменті PR бөлімінің басшысы Әсел Оразбаеваның айтуынша, «Жақсылық жаса» жобасы Ұлттық еріктілер желісімен бастау алған.

"2015 жылы қыркүйек айының аяғында «Жетінші арнада» басталған жобаның мақсаты – еліміздің сауапты істер атқарып жүрген нағыз жомарт азаматтарын таныту. Екі айдың ішінде мейірімді істер жайлы 309 өтініш қабылданған. Бұл өтініштердің ішінен «Жетінші арнаның» жанынан құрылған арнайы комиссия үздік жұмыстарды таңдап алды. Павлодар Теміртау және Қостанай қалаларымен тең дәрежеде «Ең мейірімді қала» аталымына ұсынылды. Үш шаһарда 40-тан астам игі іс жасаған. Екінші кезеңде жеңімпазды қазақстандықтар www.delaidobro.kz сайтында республикалық дауыс беру арқылы таңдауы қажет болды. Бір аптаның ішінде 13-20 қараша аралығында 5900 адам дауыс берген", - дейді Әсел Оразбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/967253-qazaqstandaghy-enh-meyirimdi-qala-anyq/

pixel