Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев зәулім сарай тұрғызып, байлығын қайда шашарын білмей жүргендерді сынға алды

Опубликовано:

Елбасы Алматыға жұмыс сапары барысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша тұрғызылған 216 орындық жаңа балабақшаға бас сұқты. Мұндағы саналы ұрпаққа білім беріп отырған тәрбиешілермен қатар ата-аналармен де жүздесті.

Осы тапсырма аясында Алматыда тұңғыш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша 216 орындық жаңа балабақшаның санаулы күннен кейін пайдалануға берілмек. Еуропалық стандарттарға сай салынған балабақша ғимаратына президент өзі барып, бүлдіршіндердің ата-аналарымен тілдесті.

"Кезінде балабақшаның барлығынан айырылып қалдық. Енді қазір қайтадан жинап жатырмыз. Қала бойынша қанша процент қазір балабақша? 70 пайыз. Жақсы. Ол жаман емес. Әсіресе мұндай мекемелерді мемлекетпен бірге МЖС деген бар. Мемлекет жер береді, су әкеледі, электр қуатын береді. Жол салады. Ал мынаны салу ол бизнестің шаруасы болу керек. Мемлекетте бір жағынан,сонан кейін ата-аналар ақша төлейді. Мемлекет дотация береді. Соның арқасында мына балабақша ұсталық алады",- деді президент.

Қазіргі таңда Қазақстанның қай аймағын алсаңыз да балабақшалардың жетіспеушілігі байқалады. Президент бұл мәселені шешудің тағы бір жолын ұсынды. Атшаптырым аймаққа зәулім сарайлар тұрғызып, байлығын қайда шашарын білмей жүргендер халыққа да жақсылық жасауы керек.

"Әу дегенде түк көрмеген қазақтар 4-5 қабат үй салды. Оның ішінде үйді сыпыру үшін 5-6 адам керек. Барлығына 10 шақты адам ұстау керек. Қазір не қыларын білмей жүр. Ең үлкен машина мініп, танк сияқты машина болса, соны да алар еді ол кезде. Ал қазір, мінекей, ықшамдап істеуге келдік. Үйді де кішірек салу керек. Жағдай да солай, дүние де солай. Сондықтан олармен сөйлесіңдер. Төрт қабатты үйді не қылады? Балабақшаға берсін", - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев ат басын бұрған келесі нысан «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» серіктестігі болды. Киім-кешек пен аяқ киімді өндірісін қатар қолға алған ТМД-дағы теңдесі жоқ кәсіпорын еліміздің күштік құрылымдарына арнайы киім тігумен қатар сәнді үлгідегі күнделікті тұрмыста киетін киімдерді де шығара бастаған. Мұндай сәнді үлгідегі костюмдерді елбасының өзі де киеді.

"Міне, сендердің тіккен костюмдерің. Сендердің тіккендеріңді киіп жүрмін", - деп отандық өнімге қолдауды өзінен бастаған президент өзгелерді де Қазақстанда жасалған тауарларды тұтынуға шақырды.

"Менің үстімдегі мына костюм шетелдік мамандардың өнімі. Мұндайды қазір кез келген қазақстандық киіп жүр. Шындығын айтқанда, бұл қазір аса сәнді емес. Қазір нағыз сәнді киім – отандық өнім. Мен киіп тұрған мына костюм Қазақстанда жасалған. Сәнді, матасы да сапалы, бағасы да қолжетімді", - деді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/967523-nazarbaev-zaulim-saray-turghyzyp-bayl/

pixel