RU

«Тұлпар-Тальго» пойызының жолсерігі жүкті келіншекті босандырып алды

«Ақтөбе-Астана» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойызында жолсерік толғағы келген жолаушы келіншекті босандырып алды.

Бұл туралы Total.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жолаушылар арасында қандай да бір медицина қызметкері болмаған. Ал жақын маңдағы Әйтеке би – Тобыл бекетіне дейін 4 сағаттай жол жүру керек еді.

Жолсерік Айнұр Айтмағамбетова жас келіншекті бос купеге апарып, түнгі сағат 2 кезінде босандырып алған. Кезекті бекетке жеткен бойда жаңа туған Әлімхан мен оның анасы дәрігерлерге тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/967997-tulpar-talgo-poyyzynynh-zholserigi.html