RU

Танымал әртіс Айгүл Иманбаева Астанаға көшіп кетті

Белгілі әртіс, тележүргізуші әрі әнші Айгүл Иманбаева Астанаға қоныс аударды. Әртіс өзінің "А.И."жеке театрын да елордада қайта ашпақ, деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне әншінің директоры Ләззат Хозмұхамедова.

Елордаға жаңадан көшіп келген әншіге достары ерулік беріп, дастарханнан дәм таттырды. Тұрғылықты мекен-жайға тіркелу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барған Айгүл Иманбаеваны мекеме қызметкерлері де бірден танып, әншімен бірге суретке түсіп алған.

"Алдымен жаңадан алған жеке куәлігіне электронды сандық қолтаңба жаздырып, артынша тұрғылықты мекен-жайға тіркелді және сотталмағаны жайлы анықтамаға тапсырыс берді. ХҚКО жұмысына риза болған Айгүл "өте жақсы" деген батырманы басып алғысын айтты. Сізге шығармашылық табыс тілеп, сәтті күндерде жолыққанша демекпіз", - деп жазады қызметкерлер.

Ал Иманбаеваның студенттік кездегі құрбысы Айгүл Елшібаева әртіске ерулік беріп, шын ықылас-пейілін білдіруде. Қос құрбы студенттік шақтың қызықтарын еске түсіріп, жарқын әңгімелескен.

"Айгөлек, аңқылдаған көңіліңнен сенің! Өнерің бір төбе ғой! Отбасыңа бақыт тілеймін жаным! Рахмет саған!", - деп лебізін жаудырды Айгүл құрбысына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/968046-tanymal-artis-aygul-imanbaeva-astana.html