RU

«Астана» мен «Галатасарай» Еуропа Лигасына жолдаманы сарапқа салады

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде 3 және 4 ұпай жинаған «Астана» мен «Галатасарай» клубтары плей-офф кезеңіне өте алмады. Енді екі команда келесі айда Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды BNews.kz.

Кеше түнде Испанияда өткен ойында түріктер мадридтік «Атлетикодан» 0:2 есебімен ұтылып, ұпайсыз қалды. Ал «Астана» клубы өз жерімізде Португалияның «Бенфикасымен» 2:2 есебімен тең ойнап, ұпай санын біреуге арттырды.

Сонымен, «С» тобында «Атлетико» мен «Бенфика» клубтары 10 ұпайдан жинап, плей-офф кезеңіне өтті, ал 3 және 4 ұпайы бар «Астана» мен «Галатасарай» командалары 8 желтоқсан күні Еуропа Лигасының плей-оф кезеңіне жолдаманы сарапқа салады. Матч Түркияның Стамбұл қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/968933-astana-men-galatasaray-europa-li.html