RU

Қытайда ата-анасымен ұрсысып, үйінен кетіп қалған қыз бала 10 жыл бойы интернет-кафеде өмір сүрген

Қытайда 10 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып, өлдіге саналған қызды полицейлер интернет-кафеде компьютер ойынын ойнап отырған сәтінде тапты. Бұл туралы reactor.inform.kz хабарлады.

Чжэцзян провинциясында өмір сүрген қытайлық қыз 14 жасында ата-анасымен ұрысып қалғаннан кейін үйінен қашып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Кейін қыздың осы жылдар бойы интернет-кафелерде болып келгені анықталды. Полицейлер бойжеткенді Ханчжоудегі интернет-кафеден тапқан. Ол жеке куәлікті қолдан жасаған.

Ол тәртіп сақшыларына үйінен кеткелі бері интернет-кафеде өмір сүргенін: тамақтанғанын, онлайн-ойындар ойнаумен болғанын айтып беріпті. Бойдеткенге ақшаны оған аяушылық білдірген бейтаныс адамдар беріп тұрыпты. Құқыққорғаушылар қолдан құжат жасағаны үшін 1000 юань айыппұл салғаннан кейін оны ата-анасына беруді шешіп, хабарласқан. Ата-анасы болса тілшілерге ендігіде қыздарымен ешқашан ұрыспайтынын айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/968948-qytayda-zhyl-buryn-zhoghalghan-qyz-osy-k.html