RU

Көркінен көз сүрінетін лаңкесші қазақстандық болуы мүмкін

Шетелдік New York Post басылымы күлкісі Мона Лизадан кем түспейтін қазақстандық ару "Ислам мемлекетінің" террорисі деп күдіктелгені туралы мәлімдеді.

Бұл туралы New York Post-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Ол өте сұлу және ол "Ислам мемлекетінің террорисі" деп болжануда. Олар бойжеткенді "Мона Лизаның күлкісіне ие сұлу терроршы" деп атап кеткен. Бұл аруға Леонардо да Винчидің туындыларынан кем іздеу салынбаған", - деп жазған шетелдік басылым.

"Ислам мемлекетінің" қатарына қосылған болуы мүмкін бойжеткенді түрік полициясы іздеуге салған. Қазақстандық ару жалған құжаттармен жасырынып жүрген көрінеді.

"Уақыты нақтыланбаған фотоны Түркия полициясының департаменті назарға салған. Онда 20 жастағы Валентина Слободжанук (Walentina Slobodjanuk) Жұлдыз Бозқұрт (Yildiz Bozkurt) деген жалған есім алған. Бойжеткен Ренессанс дәуіріндегі өнерді еске салатындай күлкімен қара орамал киіп тұр", - деп жазған басылым.

Шетелдік European Pressphoto Agency агенттігінің ақпаратына сәйкес, Слободжанук 1995 жылы Қазақстанда дүниеге келген. Түрік полициясы оны елде жоспарланған террактілердің біріне атсалыспақ деген пікірде деп хабарлайды EPA.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/968951-mona-lizanynh-kulkisine-ie-terrorshy-qa.html