Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жұлдыздардың тастамай киетін сүйікті киімдері (фото)

Опубликовано:

Өнер жұлдыздары жиі киім ауыстырса да, олардың да тастамай киетін сүйікті заттары бар. Бірі көйлегін қайта-қайта кигенді ұнатса, енді бірі аяқ киімін шешкісі келмейді. NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап, отандық әртістердің сүйікті  киімдерін байқап көрді.

Баян Есентаеваның туфлиі

Жаз мезгілінің соңында Баян Есентаева Instagram парақшасында жаңа туфлиін жұртқа жария еткен еді. Есентаева жас кезінде мұндай туфлиді анасы кигенін айтып, қазір ыңғайлы аяқ киімнің қадірін өзі түсініп жүргенін жазды.

Айсұлу Әзімбаеваның  былғары күртешесі

Қазақстандық актриса Айсұлу Әзімбаева былғары күртеше әр қыздың гардеробында болуы керек деп есептейді. Айсұлу күртешесін салқын күндері киеді және шетелге сапарға шықса міндетті түрде өзімен бірге ала жүреді.

Әнші Санданың кардиганы

Әнші Санда жолақты кардиганын үнемі киіп жүреді. Бұл киімін Санда қысқа балақты шортымен, комбинезонмен және көйлекпен үйлестіреді.

Мөлдір Әуелбекованың джинс комбинезоны

Мөлдір Әуелбекова сахнаға етегі кең көйлектерді киіп шықса, тұрмыстық өмірде еркін стильді қалайды. Мөлдірді сүйікті джинс комбинезонында жиі байқауға болады.

Мәдина Сәдуақасованың қалпағы

Мәдина Сәдуақасоваға қалпақ киген өте жарасады. Әншінің ұнататын үлгісі - қара қалпақ. Мәдинаның пікірінше, қара түс классикалық стильге де, спорттық стильге де кете береді.

Сая Оразғалиеваның етігі

Актриса Сая Оразғалиева кез келген сауық кешіне сарғыш етігін киіп барады. Әртістің етігінен әбден жалыққан Саяның жанкүйерлері басқа аяқ киімді киюге кеңес беріп жатыр.

Лидоның майкасы

Лидо ақ түсті майканың барлық киіммен үйлесетінін жақсы түсінеді. Әнші майкасын былғары леггинспен, қысқа юбкамен, кең етекті юбкамен киеді.

Динара Бақтыбаеваның джинсы шалбары

Динара Бақтыбаева көгілдір джинсы шалбарын қысқа жейдемен кигенді ұнатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/969001-qazaqstandyq-zhuldyzdardynh-tastamay/

pixel