RU

Ақмола облысында автомектеп мұғалімдері өздері үйретіп жүрген жол ережесін білмейтін болып шықты

"Ақмола облысының автомектеп одағының" тарнспорттық құрал жүргізушілерін дайындау кәсіби бірлестігінің басшысы Мейрам Ескендіров қызық мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, облыста автомектеп нұсқаушылары ЖЖЕ емтиханынан сүрініп жатыр.

Бұл туралы "Колесаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ескендіровтің айтуынша, кей орталықтардың жартысына жуық мұғалімдері өздері үйретіп жүрген жол ережелерін мүлдем білмейтін болып шықты.

Ол қарапайым жол жүру ережесін білмейтін мұғалімдерден құралған мектептер жұмысын тоқтатуы тиіс екендігін алға тартты. Ал мұндайлар елде жетіп артылады деп санайды маман. Ол тек Ақмола облысында аудандық автомектеп мұғалімдерінің 61 пайызы ғана емтиханнан сүрінбей өткенін алға тартты. Ал Көкшетау қаласындағы кей мектептер, тіпті жаға ұстатарлық нәтиже көрсеткен. Оларда қызметкерлердің тек 50%-ы ғана жол ережесін білетін болып шыққан. Яғни 14 мұғалімнің тек 7-сі сынақтан өте алады деген сөз.

Ескендіров, сонымен қатар кей зерттеулердің нәтижесі елде жүргізушілердің 12-15 пайызы ғана ЖЖЕ-ні білетінін көрсеткенін еске салды. Бұл Қазақстанда көлік басқарғандар ережені көбіне білместіктен бұзатынын байқатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/969126-aqmola-oblysynda-avtompektep-mughali.html