RU

Танымал әнші Ерлан Көкеев ұлына қыздың есімін қойды

Жақында Көкеевтер отбасында танымал әншінің көптен күткен сәбиі дүниеге келгені дүйім жұртқа белгілі. Әртіс ұлына жігіттердің арасында кездесе бермейтін қыздың есімін берген.

Ерлі-зайыптылар сәбидің есімін бұрыннан ойластырып қойған. Ұлдан гөрі қызда жиі кездесетін бұл есімді олар осыдан 10 жыл бұрын жақсы жігітті кездестіргенде естіген, сол сәтте отбасы бозбаланың аты ерекше екенін бірден байқаған.

Жұлдызды жанұя баласының жарқын жүзді жан болуы мақсатында имамның қолдауымен ұлының атын«Ақжан» деп азан шақыртып қойды.

"Біз үшін бұл үлкен қуаныш, бақыт, ұл баланы күні бүгінге шейін армандап келдік. Міне, тілегіміз қабыл болды. Ерлан да ерекше сезімді бастан кешіп жүр, әрине, көзқуанышымызды көптен бері күткеннен кейін әкесі оған көз тиіп қала ма деп қорқады, осы себептен, тіпті сәбиіміз жайында көп айта қоймайды да", - дейді әншінің жары Анар anabol.kz-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, көп жылдан кейін мұрагер сыйлаған жарын Ерлан Көкеев перзентханаға лимузин көлігімен келіп, 101 қызыл раушан гүлін, қыздары 101 ақ раушан гүлімен күтіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/969323-tanymal-anshi-erlan-kokeev-ulyna-qyzdy.html