RU

Ақтөбе облысының тұрғыны карта ойнаймын деп, жиенін пышақтап тастады

Ақтөбеде карта ойнап отырған нағашысы жиеніне пышақ сұғып алған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі

Бір шөлмекті бөліп ішкен бес адам "картаны дұрыс баспадың" деп пышақтасып қалған. Жиеннің карта басқаны нағашысына ұнамай,  "сөйлесуге" далаға шақырады. Өзі есік алдындағы қол жуғыштың қасында тұрған көк сапты ас үй пышағын ала шыққан.

"Дəурен менің жиенім болған соң ойнап, қорқытқым келді. Пышақты сол үшін алып шыққан едім. Мен бұрылып жатқанда  Дəурен қатты жақындап келіп қалды. Мен оған қастандық жасаймын деп ойлаған жоқпын. Қорыққаннан сол кезде көмек те шақырған жоқпыз",- деген күдікті Баймұратов өз түсініктемесінде.

Ағайындылар арасындағы жанжал 2015 жылдың 31 тамызында Əйтеке би ауданының Ақтас селосында болған. Картаны дұрыс баспадың деп жиеніне пышақ тығып алған күдікті 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ол жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/969391-aqtobe-oblysynynh-turghyny-karta-oynay.html