Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең сымбатты студент жігіт кім?

Опубликовано:

Бүгін назарларыңызға беделді деп саналатын Алматыдағы 8 жоғарғы оқу орындарында оқитын студент жігіттердің фотобайқауын ұсынамыз. Әрбір азамат – өзі тәлім алатын білім ошағының үздігі танылып, «Жігіттің сұлтаны» атанған.

Ал олардың ең сымбаттысын таңдау сіздердің қолдарыңызда. Шараға барлық жоғары оқу орындарының қатысуы туралы ұсыныс хат жіберілгенімен, белсенділік танытқан білім ошақтары өте аз болды.

Құрметті оқырмандар, сіз «келбетті» деп таныған жігіттің суретінің жанындағы түймені басу арқылы дауыс бере аласыздар. Әр оқырман тек 1 рет дауыс бере алады.

1. Ермек Тілеуов - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 3-курс студенті. Мерекелік шаралар жүргізушісі, «Жорға» би тобының солисті, «Symphony» ән триосының солисті.

2. Асанәлі Сушенов - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-курс студенті. «Mister KazNMU 2015» байқауының жеңімпазы. Арманы - үздік дәрігер болу.

3. Дулат Тұралев -М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясының 4-ші курс студенті. Қайрымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысады. Арманы - жеке бизнес ашып, отандық кәсіпкерлікті көтеру.

4. Жасұлан Таңқаман - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің -1 курс студенті. Ұстанымы: Алынбайтын қамал жоқ - табылмайтын амал жоқ. Арманы - тарихта өшпес із қалдыру.

5. Төлеби Ыбраев - КИМЭП университетінің 2- курс студенті.

Өмірім –өнерім.

Бос уақыттың барлығын шығармашылыққа арнап, өлең жазып, реп оқығанды ұнатады. Арманы-  сапалы кино түсіру.

6. Әзиз Кәдірханұлы -Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 1-курс студенті. Домбыра шертіп, музыка шығарады. Ұстанымы кез-келген жағдайда қайсар бола білу.

7. Ұлан Тоқтарқұл - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 4-курс студенті. 2014жылғы «ҚазҰТУ көшбасшысы» титулының иегері. Қайрымдылық шаралар ұйымдастырып, ғылыми жұмыспен айналысқанды ұнатады.

8. Бағдан Құрманов - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 4-курс студенті. Суретке түскенді ұнатады. Арманы –модель болу.

9. Шаяхмет Маханбетхан - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 3 -курс студенті. Сүйікті ісі – спортпен шұғылданып, шет тілдерін меңгеру. Бос уақытында гитарада ән салады.

10. Нұржан Исағұлов - КИМЭП университетінің 2- курс студенті. Кәсіби биші. Сүйікті ісі арқылы әлемнің жартысын аралап, түрлі конкурстардың жеңімпазы болған.

11. Мэлс Мейрамбек - Қ..Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 3-курс студенті. Бос уақытында спортпен айналысады, 2-ші дәрежелі боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/969400-qazaqstandaghy-enh-symbatty-student-zhi/

pixel