Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде полиция қызметкері жеңіл жүрісті келіншекті өлімші етіп сабап тастады (видео)

Опубликовано:

10 жыл бойы тәнін саудалап, күн көріп жүрген Гүлбану «полиция қызметкерлері темірдің үстімен сүйрегеннен кейін жүре алмай қалдым» дейді. Мүгедек арбасында отырған келіншек ауруханада жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Гүлбану Смағұлова Ақтөбе облысы Әйтеке би ауылының тумасы. Қалаға ата-анасына еріп, 2000 жылы көшіп келген. Мамандығы-психолог. Ауылда жұмыс жасағанымен, қалада қызметке кіре алмай сенделген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін аға-жеңгесінің қолына қарап қалмайын деп түрлі қара жұмыстар жасай бастайды. Автобуста кондуктор, дүкенде сатушы болған. Дүкен иесі мойнына ақша ілген соң, ол жақтан қашып құтылғандай болады.

Ақыры жөні дұрыс жұмыс таба алмай сенделіп жүрген ол  вокзал маңына келген.

«2005 жылы дүкеннен шығып қалдым. Вокзал маңына да сол кезде бардым. Енді қайтем, күн көруім керек. Мен ешкімге жамандық істеген емеспін. Тағдырым осы, қайтем енді... Жетіскеннен жүрген жоқпын. Вокзалда таңға дейін сенделіп жүреміз. Адам болса болады, болмаса кетеміз. Жұрттар бізді қырып ақша тауып жатыр деп ойлайды-ау»,- дейді Гүлбану.

Ол 32 жаста. Тұрмыс құрмаған. Қорған болатын азамат табылса, қолынан ұстауға әзір. Бану өзін «осы кәсібімнен басқа жұмыс таба алмаймын» деп сендіріп қойған.

«Басқа қайда барамыз? Бізді кім алады дейсің жұмысқа?! Қаншама адам вокзалда нан тауып жүр. Мен бір адамға секс- қызмет көрсеткенім үшін 4-5 мың теңге аламын. Басым бос, бойдақпын. Еш жерде жұмыста жоқпын, енді не істеймін. Пәтер жалдаушыларға адам тауып бергенім үшін 500 теңге аламын. «Қыз керек» деп келгендерге барамын. Жарты сағатқа бола ма, таңға дейін барғысы келсе де келісеміз. Бір сағатқа 4-5 мың теңге. Қазір жұмыс жоқ. Біреу келсе жалынып соңынан қалмаймыз. Ішкендермен алысып жүреміз. Кезінде 2000 теңге үшін «клиенттерден» таяқ жегенмін. Біреумен еріп 2000 теңгеге барып едім, жағымды сындырып кетті. Ақшасын төлемей, ұрып кететіндер бар»,-дейді Гүлбану.

ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Гүлбану қазір облыстық жедел-жәрдем ауруханасында ем алып жатыр. Ол екі аяғын баса алмай қалған. Өзінің мұндай күйге түсуіне полиция қызметкерлерін кінәлайды.

«Бұл жерге қалай келгенімді білмеймін. Дәрігерлердің айтуынша, мені мұнда наркологиялық орталықтан әкелген. Мен наша шегіп, ішімдік ішпеймін. Онда неге апарғандарын білмеймін. Өзімнің бұрыннан аяғым ауыратыны бар еді. Полиция қызметкерлері сүйреген кезде зақым келтірген болып тұр. 19 қыркүйек күні вокзал жанындағы «Алатау» кафесінде отырдым. Шай ішіп отырған жерімнен Шугайпова деген әйел екі полиция қызметкерін ертіп әкеп, мені сүйреп алып шықты. Содан кейін есімді тек ауруханада жидым»,- дейді Гүлбану.

Гүлбанудың құрбылары полиция қызметкерлерінің кафеге қалай келгенін телефондарына түсіріп алған. Онда полиция қызметкерлерінің балағаттап жатқаны естіледі.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/969431-aqtobede-policiya-qyzmetkeri-zhenhil-zhu/

pixel