RU

Дәрігерлер жедел-жәрдем қызметкеріне науқастың пышақ ала жүгіргенін айтты

Дəрігерлер соққы жеген жедел жəрдем қызметкерлерінің жағдайы туралы айтып берді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының  емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Байзолданова Айманның айтуынша, 23 қарашада 22 жастағы дəрігер қыз науқасты тасымалдап бара жатқан кезде шабуылға ұшыраған.

Ішіп алған науқас бойжеткенге пышақ сілтеген. Абырой болғанда, қыз жүріп бара жатқан көліктен секіріп үлгерген. Салдарынан дəрігер ашық бас ми шайқалуымен, қол сүйегінің сынуымен 7 ауруханаға түсті.

«Бүгін түнде əйел адам жүрек ауруымен «Таугүл» шағын ауданында үйге дəрігер шақыртқан. 25 жастағы дəрігер əйелді кардиограммаға түсіріп жатқан кезде науқастың танысы кеп дəрігерді шүйдеден таспен ұрған. Қасындағы фельдшер дəрігерге араша түседі. Салдарынан дəрігер жабық бас ми жарақатымен, ми шайқалуымен ауруханаға түсті. Қазір операция жасалды. Бірақ сонда да ол ауыр жағдайда комада жатыр. Фельдшер де ми жарақатымен ауруханада жатыр», - деді қалалық жедел жəрдем стансасының бас дəрігері Біржан Оспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/969466-darigerler-zhedel-zhardem-qyzmetkerin.html