RU

Ақтөбеде әкімдіктің отырысына келген шенеуніктер ұйықтап қалды (фото)

Ақтөбеде шенеуніктер облыстық әкімдік отырысы кезінде ұйықтап қалды. Отырыста бағаның көтерілуі мәселесі талқыланып жатқан. Іс шарадағы фотоны жергілікті басылым жариялаған.

Бұл туралы "Диапазонға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"21 қараша. Фотода облыстық әкімдік. Кеңейтілген отырыс өтуде. Залда басқарма басшылары. Облыс әкіміне бағалар туралы есеп берілуде", - делінген фотоның астындағы жазбада.

Отырыс барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев орынсыз қымбаттау болғаны үшін бағаны бақылау комиссиясын сынға алды. Ал экономика басқармасы болса, соңғы айда тауарлар мен қызмет бағалары өскенін мәлімдеді. Қант 76%-ға, 1 сұрыпты жұмыртқа 11,5%-ға, дәрі-дәрмек 7%-ға өскен.

"1 ай ішінде бағаның өсуі 5%-ды құрады. Не себепті қымбаттағанына сараптама жүргізілді ме? Жүргізілмеді ме? Сендер тек статистикалық мәліметтерді табыстап қана қоясыңдар, ал себептерін анықтап, сараптама жасау жоқ", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Әкім медициналық қызметтердің қымбаттауына тіптен жағасын ұстады.

"Медициналық қызмет 17%-ға өскен бе? Біз бағаны өсіруге негіз жоқтығын түсіндірдік қой. Дүйсенбіден бастап тексеріс жүргізіңдер", - деп тапсырма берді Сапарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970057-aqtobede-sheneunikter-akmdik-otyrysy.html