RU

Астанада 17 жастағы қыз секс-құлдықтан құтқарылды

Астаналық полицейлер жедел-профилактикалық шаралар барысында он жеті жастағы қызды секс-құлдықтан құтқарды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

"Әлеуметтік педагогпен бірге келген қыз саунаның 1967 жылғы қожайынының үстінен полицияға шағымданды. Ол қызды қорқыту арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 134-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша тіркелді", — деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, ол 1995 жылы туылған қызды да қорқыту арқылы жезөкшелікпен айналысуға итермеледі деген күдік бар.

Астана ІІД қызметкерлері тағы үш саунаның әкімшісін ұстады. Олар келушілерге жыныстық қызмет ұсынушы қыздарды сатып, сол үшін ақшалай сыйақы алып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970129-astanada-17-zhastaghy-qyz-seks-quldyqtan-q.html