RU

Желіде мүшеқапты басқа киюден флешмоб өтіп жатыр

Әлеуметтік желілерде сан түрлі флешмобтардың легінен кейін ештеңе таң қалдырмайтындай болып көрінеді. Алайда, шетелдіктердің Ice Bucket Challenge-ді алмастырған Condom Challenge атты флешмобы расымен де жаға ұстатарлық. Себебі, көпшілік мүшеқапты басқа киіп, видеоға түсуді сәнге айналдыруда.

Бұл жолы әлем жұлдыздары мұндай флешмобқа қатысудан қашқақтап отыр. Дегенмен қарапайым пайдаланушылар бұл "ерліктерін" видеоға түсіріп, таратуға кіріскен деп жазады ztb.kz.

Instagram мен Twitter-де #condomchallenge, @condomchaiienge хештегімен жүздеген видеороликтер жариялануда.

Флешмобтың басты шарты - досының басына су толы мүшеқапты лақтырып, кигізу. Оған қатысушылар бұл шартты орындау жеңіл емес екенін мойындап отыр. Көбіне лақтырылған мүшеқаптар жыртылып кетеді екен.

Mashable-дің мәліметіне сәйкес, флешмобқа 2013 жылы түсірілген жапондық видео себеп болған. Онда бойжеткен мүшеқаптар тар деп сылтауратқан азаматтарды осылайша сынға алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970144-zhelide-musheqapty-basqa-kiip-videogha-t.html