RU

Шымкентте әскери мектепте төбелескен курсанттарды оқудан шығарып жіберді

Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери интернат-мектебінде төбелес шығарған курсанттар оқудан шығарылады. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігінің мамандары мәлімдеді.

Еске салсақ, 24 қараша күні курсанттар арасында төбелес болып, 10 жас жеткіншек аурухана жеткізілген. Сарбаздар екіге бөлініп, жаға жыртысқан.

Мектептегі тәртіп бұзылып, ІІ және ІІІ курс курсанттары арасындағы кикілжің салдарынан оқушылардың бір бөлігі қалалық ауруханаға жеткізілген. Ал жасы кәмелетке толмаған 4 жасөспірімге облыстық балалар ауруханасында алғашқы жәрдем көрсетілді.

Тілшілер осы ақпарат бойынша мектеп-интернатқа да хабарласты. Бұл мәселе қазір әскери білім беру ошағының ішкі тәртібіне сәйкес әскери полиция, ішкі істер басқармасы мен білім ордасының жауаптыларының қадағалауында және міндетті түрде бір шешім шығарылатын болады, деп нақтылады мектеп өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970326-shymkentte-askeri-mektepte-tobeleske.html