RU

Қазақстандағы шетелдік ұйымдар еліміздің көк байрағын ілуге міндеттелді

Қазақстан аумағында қызмет ететін шетелдік ұйымдар өз туларымен қатар қазақтың көк байрағын да ілуге міндетті.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Василий Порубаймех айтты.

«Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайына тоқталар болсам, 4 бапқа түзету енгізілді. Құжатта мемлекеттік рәміздерді қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында мемлекеттік заңды тұлғалардың, сонымен қатар ұлттық компаниялардың, холдингтердің, Қазақстан Республикасы жалғыз акционер болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік символикаларға арналған экспозициялары үшін арнайы үй-жайлар бөлу қарастырылған», - деді ол.

Комитет төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, экспозицияда мемлекеттік рәміздерді дайындау тарихы, олардың авторлары жайындағы ақпараттар болады.

«Заңның тағы бір жаңа нормасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар өз туларын Қазақстанның мемлекекеттік туымен бір мезгілде орналастыруға міндетті», - деді Порубаймех.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970441-qazaqstandaghy-sheteldik-uyymdar-elim.html