RU

Нанның ішінен шеге тауып алған астаналық есеңгіреп қалды

 Астана тұрғыны Кәмилә Ғайнутдинова нанның ішінен шеге тауып алған. Ол елордалық әкімдіктің сайтындағы «Халық бақылауы» айдарына шағыммен жүгінген.

Астаналықтың айтуынша, сатып алған нанның ішінен шеге шыққанда есеңгіреп қалған.

«Ануар» дүкенінен нан сатып алдық, дастарқан жайып жатқанда, бөлке нанның ішінен шеге табылды. Дүкенге чекпен бардық, олар осы мекенжай бойынша кәсіпорынды көрсетті. Шара қабылдауыңызды сұраймын! Біз Ануарға бардық, олар бізге өндіруші «Столичный хлеб» ЖШС екенін айтты", - деп жазды Ғайнутдинова, шегемен нанның фотосын қоса беріп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970730-nannynh-ishinen-shege-tauyp-alghan-astana.html