RU

Ұлттық банк кейбір банкноттардың айналымнан шығатынын ескертті

Ұлттық банк бірқатар үкімет қаулысын орындау үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 000, 5 000, 10 000 теңге номиналындағы банкноттар айналымнан шығатынын ескертеді.

Барлығы 2006 жылы шығарылған үлгілер, яғни, «ескі үлгідегі ақша белгілері» деп жазады Ақжайық басылымы.

Жаңа жылдан бастап ескі үлгідегі ақша белгілері ел аумағында барлық төлем түрлері бойынша заңды төлем құралы болудан қалады. Яғни, суретте бейнеленген (суретте) банкноттар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады. Әрі қарай оларды екінші деңгейлі банктерде немесе Ұлттық банк филиалдарында айырбастау мүмкін болады.

12 ай өткеннен кейін екінші деңгейлі банктерде тағы үш жыл бойына ескі үлгідегі ақша белгілері оларды жаңасына ауыстыру және әрі қарай оларды Ұлттық банктің филиалдарына Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген талаптарға сәйкестігін сараптамаға жіберу үшін қабылдана береді.

Ұлттық банктің филиалдары 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап және төрт жыл бойына жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды жүзеге асыра береді.

Ұлттық банк Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маман-экономисі Ерболат Ақтанбаевтың айтуынша, банкноттар олардың шығарылған айналыс мерзімі біткеннен кейін айналымнан алынып тасталады. Бұл шара айналымда қалған ақша белгілерінің дизайны (пішіні) ауыстырылу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/970985-ulttyq-bank-keybir-banknottardynh-ayn.html