RU

Қазақстанда жеңіл көлік сатылымы 40%-ға төмендеген

Қазақстандағы автосалондарда сатылым айтарлықтай төмендеді. Жыл басынан бері жеңіл көлік сату 40 пайызға қысқарды. Бұл туралы Алматы арнасы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы хабарлайды.

Қазақстантан автобизнес қауымдастығының мәлімдеуінше, қазан айында 7,5 мыңнан аса темір тұлпар өз иесін тапқан. Ол қыркүйекпен салыстырғанда10 пайызға аз.

Кей сарапшылардың пікірінше, жеңілдікпен берілетін автонесие бағдарламасы жағдайды жөндеуге ықпал ете алмайды. Өйткені теңгенің кезекті әлсіреуі машина құнын 20 пайызға қымбаттатып жіберген.

Кейбір салондар бұрынғы бағаммен алған көліктерді сатып болмайынша, жаңа әкелінген машиналарға бағаларды әлі қоймапты. Сатылымның азаюына сұраныстың жоқтығы себеп болуда, - дейді мамандар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/971025-qazaqstanda-zhenhil-kolik-satylymy-40-gha-t.html