RU

Қазақстанның қазба байлықтары аукционға шығарылады

Қазақстанның қазба байлықтары аукционға шығарылады. 3 желтоқсанда елімізде алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқын беретін аукцион өтеді.

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты ақпарат таратты деп хабарлайды Астана арнасы.

Барлығы 100 жер қойнауы учаскесі сатылады. Оның ішінде 27-сі өндіруге, 73-і барлауға арналған. Аукцион арқылы 46 алтын кеніші, 2 кобальт пен хром, бір титан, үш үштен марганец пен темір кеніштері, бір алмаз, 2 боксит тағы басқа кен орындары сатылады. Аукционға қатысуға өтініштер 1 қазанға дейін қабылданған. Барлығы 190 өтініш түскен.

Министрлік таратқан ақпаратта "Аукцион мемлекетке инвестиция тартуға, оған қатысушылардан барынша мол қаржы түсуруге септігін тигізеді" делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/971245-qazaqstannynh-qazba-baylyqtary-aukci.html