RU

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Мәселен, Ақтөбе облысы әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалса, өңірлерде мұнан да өзге кадрлық ауыс-түйіс орын алып, «Нұр банктің» жаңа басшысы қызметіне кірісті.

Сонымен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2015 жылғы 26 қарашадағы өкімімен Бексары Жаңабай Мұратбекұлы мен Биахметов Асқар Сақтағанұлы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары қызметіне тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков облыс әкімінің кеңесшісі - облыс әкімдігінің Астана қаласындағы өкілі болып тағайындалды.

Аталған қызметте Б.Омарбеков өңірдің кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық дамуы, инвестиция тарту және туризм мәселелерін қадағалайтын болады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихатының депутаттарымен келісу бойынша жаңа аудан әкімін тағайындады. Бұл қызметке 35 жастағы Қанат Сәрсембаев келді.

Мұнан өзге осы аптада «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесі 2015 жылғы 30 қарашадан бастап, Эльдар Рашитұлы Сәрсеновті банктің басқарма төрағасы, 2015 жылдың 23 қарашасынан бастап Марат Заирұлы Заировты банктың басқарма төрағасының орынбасары қызметтеріне тағайындау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев компания ұжымына экономика және қаржы жөніндегі жаңа бас директор Мейіржан Юсуповты таныстырды.

Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Айдар Арифханов Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған болатын.

Айта кетерлігі NCOC N.V. компаниясының басқарушы директоры Стефан де Майе орынтағын босататындығы хабарланды. Бұл орынға «ЭксонМобил Қазақстан» компаниясын басқаратын Бруно Жарден келеді деген болжам бар. Стефан де Майе NCOC N.V. компаниясын 2014 жылғы мамырдан бастап басқарып келген еді. Оған Қашаған кен орнында мұнай өндірісінің тоқтатылуына себеп болған кемшіліктерді жою міндеті қойылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/971366-qazaqstandaghy-zhanha-kadrlyq-taghayynd-18.html