RU

Ғалымдар Нефертитидің қабірін тапқанына сенімді

Мысырда жұмыс жасап жатқан археологтар Тутанхамонның қабіріндегі жасырын бөлмеден ежелгі египет патшайымы Нефертити жерленген деген тұжырымға дәлелдер табылғанына сенімді, деп хабарлады Би-би-си.

Египеттің ежелгі ескерткіштерді қорғау министрі Мамдух әл-Дамати сарапшылар Луксордағы Тутанхамон қабірінің астынан бөлме табылғанына 90 пайыз сенімді, деп мәлімдеді. Олар мұны ежелгі ескерткішке нұқсан келтірмейтін арнайы жабдықтың көмегімен қабірді сканерлеу арқылы анықтаған.

Британдық египтолог Николас Ривс Нефертити жерленген жерді одан әрі зерттемек. Патшайым заманының өте сұлу адамы болған.

Николас Ривс Тутанхамон шамамен 1323 жылы 19 жасында кенеттен қайтыс болған, сондықтан оны әуелде Нефертитиге арналған қабірдің алдыңғы жағына жерлеген деп санайды. Кейбіреулер Тутанхамон Нефертитидің ұлы деп санайды. Оның қабірі 1922 жылы табылған болатын. Тутанхамонның қабірі табылған басқа перғауындарға қарағанда, ешбір бүліншілікке ұшырамаған. Онда екі мыңға жуық заттар болған. Доктор Ривс қабірдің кейбір құрылымдық ерекшеліктері оның әуелде перғауынға емес, патшайымға әзірленгенін көрсетеді деп санайды. Бұл пайымдауларды басқа белгілі египтологтар әзірге қуаттай қойған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/971583-ghalymdar-nefertitidinh-qabirin-tapqa.html