Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның топ-10 сымбатты кәсіпкерлері

Опубликовано:

Жетістікке жетудің бір құпиясы - елді аузына қарата білетін тартымдылыққа ие болу. Кәсібін сәтті дөңгелетіп қана қоймай, тартымдылығымен де ел назарына іліккен ең сымбатты қазақстандық кәсіпкерлердің тізімін Comode-қа сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Кеңес Рақышев

Кеңес Рақышев - бизнесмен, инвестор, акционер, "Қазкоммерцбанк" директорлар кеңесінің мүшесі, SAT & Company холдингі директорлар кеңесінің төрағасы, Net Element директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның топ-50 қалталы кәсіпкерлері тізімінде 10 қатарға тұрақтаған.

Бұдан бөлек Рақышев - YPO Kazakhstan мүшесі, «Дом мамы» қайырымдылық жобасының қатысушысы, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Рақышев Алматыдағы Наурызбай ауданының селден зардап шеккен 10 отбасына көмектескен.  Сонымен қатар, қаланы дамыту қорына 300 млрд теңге құйған. Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әселге үйленген. Ортақ Дінмұхамед есімді ұлдары бар.

Айдын Рақымбаев

Айдын Рақымбаевты ең көзге түсерлік отандық кәсіпкерлердің бірі деп сеніммен айтуға болады. Ол ұжымшарда ағаш ұстасы қызметінен бастап, ірі отандық құрылыс компаниясы BI Group-тың басшысы қызметіне дейін көтерілді. Қайырымдылықпен айналысады. Мотожарысқа үлкен қызығушылық танытады.

Айдын - «Дакар 2008» және «Дакар 2013» қазақстандық ралли құрамасының мүшесі, автокросс бойынша Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2008 жылғы қысқы автожарыста Ашық кубоктың жеңімпазы. Кәсіпкердің өмірінде спорт ерекше орын алады. Мәселен, ол достарымен бірге Килиманджароны бағындырып, оған дейін Памирге шыққан. Достарымен, отбасымен қыдырғанды ұнатады. Жары Анармен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

Болат Әбілов

58 жастағы Болат Әбілов уақыт ағымына қарамастан, өз тартымдылығын жоғалтқан емес. Әбілов - танымал саяси қайраткер, бизнесмен әрі тәуелсіз "Тарлан" жүлдесін ұсынған Қазақстан меценаттар клубының төрағасы. 2010 жылы "Алтын жүрек" ұлттық қоғамдық жүлдесінің "Жыл қайырымдылығы" номинациясын жеңіп алған.

2013 жылы саясаттан бірнеше жылға кететінін мәлімдеп, шығармашылық жоспарларына бет бұрды. Әбілов "Ақ жол, Қазақстан"  және "Қазақстанның бүгіні мен ертеңі үшін бірге" атты кітаптарға серіктес автор атанды. Болат Әбіловті талай рет ең сымбатты қазақстандықтардың түрлі тізіміне енгізген. Үйленгеніне 30 жылдай болды. Үш баласы бар.

Райымбек Баталов

Біздің тізімдегі тағы бір сымбатты әрі қалталы азамат - Райымбек Баталов. Ол - ірі Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы, Қазақстан кәсіпкерлер форумының төрағасы, Кіші және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы, Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ арнайы бағдарламасының іскери ынтымақтастық кеңесінде төраға. Спортқа белсенділік танытады - суасты жүзумен, тенниспен, велоспортпен, рафтингпен, тау шаңғысымен шұғылданады. Баталов киімді өзі таңдап алады. Сүйікті дизайнері – Tom Ford. Жары Ленарамен (танымал "Рахат-Лукум" тобының бұрынғы орындаушысы) екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр. Райымбек Баталовтың бірінші некесінен ересек ұлы мен қызы бар.

Қайрат Құдайберген

Қайрат Құдайберген - THS GROUP компаниясы тобының негізін қалаушы. Өзінің желідегі жеке парақшасында бизнес жүргізуден бастап, сымбатты киінуге дейін кеңестерімен бөлісіп отырады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жемқорлыққа қарсы «Жаңару» қозғалысы кеңесінің мүшесі. Жары Әлиямен ортақ қыз тәрбиелеп отыр. Бизнесмен өміріндегі ең үлкен жетістік деп отбасы мен қайырымдылықты санайды. Футбол, сноубординг, үлкен теннис және гольфқа қызығушылық танытады.

Марат Омаров

Eventica компаниясы тобының негізін қалаушы Марат Омаров – көп оқығанды ұнататын әрі бал билерін шебер орындайтын азамат. Марат «Война и мир» кітабын оқығаннан кейін үлкен шабыт алып, Алматыда жыл сайынғы Қайырымдылық балын ұйымдастырды. Ер азаматтар ішінде Андрей Болконскийді үлгітұтарлық азамат санаса, әйел адамдар арасында Наташа Ростованы құрметтейді.

Омаров – Қазақстандағы I Венн балын ұйымдастырып, кейін ол Қайырымдылық балына ұласты. 2014 жылы Томирис есімді шимпанзені асырап алған. Марат Омаров үйленбеген және талай нәзік жандылардың арманы болып келеді.

Гурген Басенцян

Гурген Басенцян - Астанадағы басты ресторатор әрі Good Project компаниясының басшысы. Гургенді тіке мінезді, перфекционистер қатарына жатқызады. Ол өз уақытының 99 пайызын жұмысына арнайды.

Өзін Дyxless романының кейіпкеріне ұқсатады: қашан да ілгері жылжып, дегеніне жету, жедел шешім қабылдау - ол үшін басты шарттардың бірі. Өзінің болашақ жарын таңдауда өте сыни көзбен қарайтынын жасырмайды.

Бейбіт Әлібеков

Бейбіт Әлібеков - First Media Group медиахолдингісінің басқарушы директоры, Қазақстан теле-радио хабар тарату қауымдастығының басшысы, Bentley Kazakhstan клубының негізін қалаушысы әрі басшысы.

Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Бейбіт қымбат көліктер мен сағаттардың фотосын жариялағанды ұнатады. Данна Қарағұсоваға үйленген. Екеуінің ортақ бизнесі бар. Ұлдары Айтуар, Алдияр және қызы Айлинді тәрбиелеп отыр.

Ғалымжан Есенов

Ғалымжан Есенов - «АТФБанк» АҚ қожайыны. 33 жастағы Ғалымжан Қазақстанның ең бай адамдары қатарында. «Дом мамы» қайырымдылық қорының қатысушысы, YPO Kazakhstan мүшесі, Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми қорының негізін қалаушы.

2015 жылдың шілдесінен бастап, Ғалымжан Қазақстан шахмат федерациясының президенті атанды. Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің қызына үйленіп, ұлды болып отыр.

Ғазиз Уәлихан

Жас кәсіпкер Ғазиз Құрманғазы көшесіндегі қарапайым үйді «Үй 54» шығармашылық кеңістігіне айналдырғанымен танымал. Онда бүгінде дизайнерлер, режиссерлер, флоритсер және декораторлар тұрып жатыр.

Ғазиз 18 жасында Сарыағаштан Алматыға көшіп келіп, 2006 жылы өзінің алғашқы бизнесі - Eastbar барын ашады. Кейін ProVino және Fifty Four вино бутиктерін ашқан. Барлық жағдайда дизайнды Ғазиздің өзі таңдаған. Қазір ол №54 үйін ашуда. Онда Прагадағыдай танымал "Би үйі" болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/971722-qazaqstannynh-top-10-symbatty-kasipkerl/

pixel