RU

МС Сайлаубек қазақша ән айтқанда, ешкімнің оны көзіне ілмегенін айтты

Осыдан біраз уақыт бұрын МС Сайлаубек түсініксіз тілде ән шырқап өнер әлемінде тың жаңалыққа айналған болатын. Енді хит-тұлға қазақ тілінде рэп орындауға уәде беріп отыр.

"Бұрын қазақша ән орындағанымда, ешкім де мені көзіне ілмеді. "Шет" тілінде рэп айтқаным сол еді, халыққа жағып кетті. Бірақ, бұлай өмірбақи түсініксіз тілде ән салып жүре бермеймін ғой. Жуық арада менен ана тілімізде жазылған жақсы туындылар еститін болыңыздар", - деп жазады танымал рэпер Instagram парақшасында.

Мұндай жаңалықты қуана қабылдаған жазылушылар Сайлаубекке сәттілік тілеп жатыр. Олар Сайлаубекке ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін жоғалтып алмауды сұрады.

Ал тағы бір ғаламтор қолданушысы өз тілін білмейтін, өзге ұлттың əуеніне қазақша сөз жазып, қазақты алдап жүрген ұрлықшыларға қарағанда Сайлаубектың көш алдында тұрғанын алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/971759-ms-saylaubek-qazaq-tilinde-aytugha-u.html