RU

Қайрат Нұртастың туған інісі Бейжіңде бокстан қытайлықтарды тізе бүктірді (фото, видео)

Әнші Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғар Айдарбеков Бейжің қаласында бокстан бірінші орынды иеленіп, қытайлықтарды тізе бүктірді.

19 жасар бозбаланың айтулы жеңісін анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде жанкүйерлермен қуана бөлісті. Бақытты ана Қытай елінде жүріп, қытайларды қазақ баласының мойындатуы үлкен еңбек екенін зор мақтанышпен жазады.

Ал суреттен Қазақстанның көк туын көріп шаттанған жазылушылар шетелде қазақтың абыройын асқақтатып жүрген Заңғарға болашақта Геннадий Головкин секілді атақты боксер болуды тілеп жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972062-qayrat-nurtastynh-tughan-inisi-beyzhinhd.html