RU

Назарбаев: Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ға мүше болды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 қарашада Қазақстанның ресми түрде ДСҰ-ға мүше болғанын жариялады.

"Бұл туралы сіздерге айтпай отыра алмаймын, бүгін 30 қарашада Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ға толыққанды мүше болды. Бұл туралы ДСҰ бас ассамблеясының отырысында жарияланатын болады. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз тарихындағы маңызды кезең болып табылады", — деді Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауын жариялау барысында.

Сонымен қатар президент Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын да сөз етті.

"Біріншіден, Қазақстан бәскеге қабілеттілік көрсеткішінде әлемде 42-ші орын алды", - дейді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972067-nazarbaev-qazaqstan-resmi-turde-dsu-gh.html