Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдан бастап жалақы, шәкіртақы, жәрдемақы 30 пайызға көбейеді

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті дәстүрлі Жолдауында Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейетінін айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Біз қиын кезеңдерді бастан кешірген елміз. Тоқсаныншы жылдардың басында қайда баратынымызды, не істейтінімізді білмей, не қаражатсыз, не көмексіз қалған кезіміз болған. Экономикамыздың барлық саласы тоқтап, ел жұмыссыз қалып, зейнетақы төлейтін қаржымыз болмай, ең қиын жылдарды өткердік. Бірақ барлық қиындыққа төзіп, тәуелсіздігімізді сақтап қалдық. Мемлекетіміз нығайды. Халқымыз қазіргідей ешқашан бақуатты болған емес. Тәуелсіздік жылдары көптеген ауруханалар мен мектептер салынды. Дәрігерлерімізді қиын оталарды өз елімізде жасайтын дәрежеге жеткіздік. Жалпы халықтың денсаулығының түзелуі нәтижесінде бала туу көрсеткіші өсті", - деп атап өтті Назарбаев.

Сонымен бірге президент мұнымен қоса халықтың санын көбейгенін де еске салды.

"Халқымыздың саны көбейді. Қазақстандықтардың орташа өмір ұзақтығы соңғы 10 жылдың ішінде 64 жастан 72-ге дейін өсті. Мұндай жылдам өсу ешбір елде кездескен емес. Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерді шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейетін болады. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне негіз болады", – деді елбасы.

Айта кетейік, биылғы президенттің жолдауының тақырыбы – «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/972110-bizdinh-khalqymyz-eshqashan-osylay-baqua/

pixel