Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Тәуелсіздікті сақтап қалу, оны алудан да қиын

Опубликовано:

Әлемдік бағалардың құлдырауына байланысты Қазақстан экономикасына бірқатар сыртқы фактор ықпал етуде. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында жасаған кезекті Жолдауында атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бірнеше күннен кейін Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Бір ғасырдың төрттен бір бөлігінен аз уақытта Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Тәуелсіздікті сақтап қалу, оны алудан да қиын. Біз бірге көптеген қиын-қыстау кезеңді бастан өткердік. Осы жылдар ішінде күшейе түстік. Біз тарихымызда ешқашан қол жеткізбеген жоғары экономикалық даму қарқынына жеттік. Халқымыз ешқашан қазіргідей жақсы өмір сүрген жоқ», - деді президент Қазақстанның әлемдік дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарына арналған Жолдауында.

Назарбаев Қазақстан экономикасына бірқатар сыртқы фактор ықпал етіп жатқанын да атап өтті.

«Бүгінгі таңда әлем жоғары қарқынмен өзгеріп жатыр. Қазір басқа дәуір келді. Біздің көз алдымызда бұрын-соңды болмаған жаңа ғаламдық қоғам қалыптасуда. Қазір әлемдік бағалардың құлдырауына байланысты Қазақстан экономикасына бірқатар сыртқы фактор ықпал етуде. Ғаламдық дағдарыстың пайда болуы бізге байланысты емес. Ешкім бұндай ғаламдық дағдарыстардан сақтандырылмаған. Бұл еркін экономика дамуының жүйесі», - деді Елбасы халыққа Жолдауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/972124-nazarbaev-tauelsizdikti-saqtap-qalu/

pixel