RU

Жанкүйерлер Кәмшат Жолдыбаеваның көйлегін жігіттердің құмарын оятады деп cөкті (фото)

Бүгін Кәмшат Жолдыбаева отандық дизайнер Санди Аманның қолынан шыққан көйлегін әлеуметтік желіге салғаны сол еді, жазылушылар оны өткір сынның астына алды.

Әртістің киіміне қадалып қарағандар ашық-шашық киінген Кәмшаттан көңілі қалғандарын жеткізуде. Бірі мұсылман қызының кіндікті ашып жүруін жат қылыққа жатқызса, енді біреулері әртістің киімі жігіттердің құмарын оятуға бағытталған сыңай танытқанын ашық айтуда.

"Қарындасым айыпқа бұйырма, шындықты айту керек бетке, соңғы кезде киіп жүрген киімің маған мүлде ұнамайды. Саған қарап бой түзейтін өзіңнің қаракөз сіңлілеріңе мұндай үлгі көрсеткенің қазақтың қызы деген атқа жараспайтын қылық", - деп жазады Қасымхан атты қолданушы.

Бірақ Жолдыбаеваға жанашырлық танытып, оны ақтаушылар да аянбай көпшіліктің пікірін теріске шығарып жатыр.

"Кәмшат әдемісің, мыналарға мән берме. Киімің өзіңе жақсы жарасып тұр", - дейді бірқатар жазылушылар.

Ал өзге жанкүйерлер Кәмшатқа Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова секілді ұстамды әрі көрікті киінуге кеңес беріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972308-zhankuyerler-kamshat-zholdybaevanynh-ko.html