RU

Досының анасына шанышқы тығып алған ақтөбелік жігіт жаға ұстатты

Ақтөбеде 27 жастағы жігіт жолдасының шешесіне шанышқы тығып өлтірді. Аруақтарды еске алу үшін бірге ішімдік ішкен таныстар тағы бір адамды о дүниеге жіберді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 2015 жылдың сәуір айында тіркелген. Өлі әруақтарды еске алу күнінде Евгений есімді жігіт қайтыс болған досының үйіне келеді. Оның ағасы мен анасына еріп, зират басына барған. Моланың басынан қайтқан олар үйге келіп, бірге ішімдік ішеді. Қайтыс болған адамды еске алу үшін ортаға қойылған шөлмекке көрші де қосылған. Кейін үлкен баласы мен көршісінің қайтып кеткеніне қарамастан әйел баласының жолдасымен ішімдік ішуін жалғастырған. Түн жарымына дейін қайтпастан ішімдік ішкендер жанжалдасып қалады.

27 жастағы жігіт дастархан үстіндегі екі тісті шанышқымен әйелге бірнеше рет соққы берген. Жолдасының анасы қайтыс болғанын көрген ол оқиға орнынан ізін суытқан.

Тәртіп сақшыларының қолына түскен күдікті қамауға алынып, ісі сотқа жіберілген болатын.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1-ші бөлігімен сот отырысы басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972325-dosynynh-anasyna-shanyshqy-tyghyp-alghan.html