RU

Бауыржан Исламхан үйлену тойында сүйіктісіне орысша өлең айтып берді

"Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан өз үйлену тойында сүйіктісіне арнап, орысша өлең айтты.

Бауыржан Исламхан "Кабриолет" тобының "Белая роза" әнін ғашығына арнап орындаған. Ал "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Олег Недашковский әнге қосылып отырды.

Еске салсақ, футболшының тойы 28 қараша күні Тараз қаласында өткен болатын. 22 жастағы Еркежан Талғатбековаға сөз салғаннан кейін, жас жұбайлар қыркүйектің ортасында қыз ұзатуын өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972437-bauyrzhan-islamkhan-uylenu-toyynda-suy.html