RU

Тәуелсіздік күніне орай отандық жұлдыздар халыққа тосын сый жасады (видео)

Тәуелсіздік күніне тосын сый ретінде еліміздің танымал әншілері Қайрат Баекенов, Ғалымжан Молданазар және Серік Ибрагимов тыңдармандарға ерекше тарту жасады.

Эстрада жұлдыздары көрермен көңілінен шыққан «Қош бол», «Жаяу», «Махаббат» атты өздерінің хит әндерін бір жерде орындап, ерекше бейнебаян түсірді.

Бейнебаянға әншілерден бөлек, Астана қаласының 200 ден астам тұрғыны түскен. Олар ән ырғағына сай бір уақытта бірдей билеп, флешмоб ұйымдастырған. Аталмыш туынды желілерде кеңінен таралып, қолданушылардың ықыласына бөленуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972447-tauelsizdik-kunine-oray-otandyq-zhuld.html